Home Жаңалықтар Жігіттері тек семіз қыздарға үйленетін ел жұртты таңғалдырды

Жігіттері тек семіз қыздарға үйленетін ел жұртты таңғалдырды

0
1373

Бүгінгі таңда әлемдегі ең өзекті медициналық проблемалардың бірі болып саналатын семіздік Мавританияда сұлулық пен мәртебенің көрсеткішіне айналған. Батыс Африканың кішкентай елінде көптеген жыл бойы әлемдегі ең қызықты дәстүрлердің бірі сақталып келеді, деп жазады Milliyet түрік басылымы.

Мавританияда арық әйелдер ер азамат қауымына ұнамайды. Егер тұрмысқа шыққыңыз келсе, семіздердің қатарынан табылуыңыз қажет.

Әдетте тұрмысқа шыққалы жатқан қыздар ешкі сүтін ішіп, нанға зәйтүн майын жағып жейді. Сондай-ақ, салмақ қосу үшін ешкі етін көбірек жейді.

Батыс Африка елінде мұндай талаптың болуы азық-түлік тапшылығымен байланысты болса керек.

Американың HBO арнасының тілшісі осы елде екі күн болып, 10 килограмм салмақ қосып алғанын айтады. Сондай-ақ, ол тұрмысқа шығу үшін қыздардың салмағы 60 киллограмнан кем болмауы тиіс екенін жеткізді.