Тоқаевқа коронавирустің таралуына жол бермеу үшін не істеліп жатқаны баяндалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елжан Біртанов Тоқаевқа ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.  

Елжан Біртанов президентке елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады.   

Сонымен қатар мемлекет басшысына Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берілді.

Оқи отырыңыз: Министрлік қазақстандықтарға 8 елге бармауға кеңес берді

Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты.

Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.  

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз