Тоқаев өз ойын айтты – видео

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Мемлекет басшысы этникалық қазақтарды лагерьлерге қамау жөніндегі ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының салдары екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан— Sputnik. Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты жағдай әдейі ушықтырылып отыр, деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Көптеген бұқаралық ақпарат құралы Шыңжаңда саяси тәрбиелеу лагерьлері бар екенін жазды. Ол жерде ислам дінін ұстанатын ұйғұрлар мен қазақтар тұрады. Осыған қатысты қытайлық тараппен келіссөз жүргізіліп жатыр ма? «, — деп сұрады Жанна Немцова мемлекет басшысынан.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай хабар тексерісті қажет ететінін атап өтті.

«Біріншіден, Шыңжаңда Қытай Халық Республикасының азаматтары тұрады. Құқық қорғау ұйымдарының этникалық қазақтардың лагерьлерге қамалуына қатысты ақпаратты таратты. Бұл мәлімет тексерісті қажет етеді. Этникалық қазақтар төңірегіндегі жағдай әдейі ушықтырылып отыр», — деді Токаев Deutsche Welle-ге берген сұхбатында.



sputniknews.kz