Мәнерлеп сырғанаушылар Қызыл алаңда мұз айдынын ашты

0

Қызыл алаңда ГУМ-сырғанақ салтанатты түрде ашылды. Олимпиада чемпионы Татьяна Навка «Ұйқыдағы ару. Екі патшалық аңызы» жаңа шоуынан үзінді орындады

Жұлдызбен бірге мұз айдынында фигуристер Алина Загитова мен Петр Чернышев өнер көрсетті.

Бастапқыда көрермендер мәнелеп сырғанаушылар тоңып қалмай деп уайымдады, бірақ тамаша шоу мен фигуристердің шеберлігін тамашалағаннан кейін бұл уайымы жайлы ұмытып кетті.

Биылғы ГУМ-сырғанақтың 14-ші маусымының тақырыбы – «Спокойной ночи, малыши!» балалар бағдарламасының мерейтойы. Бағдарламаға 55 жыл толды. 

Сол себептен осы бағдарлама кейіпкерлерімен суретке түсу мүмкін болды. Ал аязда шоколад кәмпиттер мен кофе тарату келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Россия сегодня» ХАА мен Sputnik — ГУМ-сырғанақ, «Қызыл алаңда ГУМ-дағы жаңажылдық шыршалар» жобасы мен ГУМ-Жәрмеңкенің ақпараттық серіктестері.



sputniknews.kz