Тоқаев: Бізге атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдауға тура келеді

0
178

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы атом энергетикасын, оның ішінде АЭС құрылысын дамытудың келешегі туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда сайтында жазылды.

«Менің ойымша біз түбінде осындай шешімді қабылдаймыз. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығының алғашқы белгілерін сезініп жатырмыз. Әрине, үлкен тапшылық жоқ. Тура орта шегінде тұрмыз. Дегенмен де алғашқы белгілер көрінді. Сол себепті, болашаққа көз жүгірте отырып біз атом электр станциясын салуға қатысты ұнамсыз шешімдер қабылдауға мәжбүр боламыз. Алайда, көшбасшысының рөлі – осындай қиын-қыстау жағдайда ұтқыр шешім қабылдаумен өлшенеді», — деді мемлекет басшысы Алматы қаласында өткен қаржы секторының өкілдерімен кездесуінде.

Тоқаев бұған дейін елдегі «сұр майнерлерді» анықтауды тездетуді тапсырған.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр станциясының құрылысына қолдау көрсетуді ұсынған еді.