Нұрлан Өнербаев қос ұлымен ән шырқады (ВИДЕО)

0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрлан Өнербаев қараша айының басында 60 жасқа толды. Атаулы мерейтойына орай өнер иесі «Астана» концерт залында мерекелік кешін ұйымдастырып, артынша дүбірлі той мейрамханада жалғасын тапты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Қазақ ән өнерінің майталманының қуанышына отандық эстрада жұлдыздарының дені қатысқан. Олардың қатарында Сәкен Майғалиев, Қанат пен Света Айтбаевалар, Ұлықпан Жолдасов, Досхан Жолжақсынов, Рухия Байдүкенова және тағы да басқа жұлдыздар болған. Мерекелік кеш «Айтылмаған бір әнім бар» деген атаумен өтті. Аға буын өкілінің мерейтойына келген әншілер қауымы ізгі тілектерін айтып, ән өнерінде жастарға үлгі бола білген Өнербаевтың тұлғалық қасиеттеріне тоқталған.

Лұқпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова инстаграм желісіне Нұрлан Өнербаев пен ұлдарының бірге орындаған әнін жолдады.