Тоғжанов Елбасыға есеп берді — Президент|26 Қараша 2018, 18:46

0
26 Қараша 2018, 18:46 235 0

Астана, BAQ.KZ. Елбасы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді.

Ералы Тоғжанов Қазақстан Президентіне өнімділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатымен қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғын үйлер мен студенттік жатақханалар салу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін дамыту барысы мен коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді реттеу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ