Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі

0
Математика
Тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Мақсаты:
1. Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
3. Оларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
— «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.
7 200: 8 + 100 – 190: 9 ∙ 1 000 = 4 000
8 ∙ 50 + 1 000: 2 ∙ 8 – 5 000: 2 ∙ 7 = 2 100
— Көркем жазу минуты.
— 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.
Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.
Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)

«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.
№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т. с. с.
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т. с. с.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 3. Ауызша салыстыру.
№ 4. Ауызша.
Текшенің көлемі: V = a • a • a.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі: V = a • b • c
а — ұзындығы, b — ені, c – биіктігі.
№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/