Теңге KASE-те антирекордты жаңартты

0
46

14-16 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық банкін ресми бағамы АҚШ долларына шаққанда 405,46 теңге болады. Кеше теңге бағамы 399,7/$1 болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Теңге Қазақстан қор биржасында (KASE) антирекордты жаңартты.

Сағат 15.30-дағы мәлімет бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бейсенбідегі сауда-саттықпен салыстырғанда бірден 6,22 теңгеге төмендеп, 405,46/$1 болды.

14-16 наурыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы 405,46 теңге/$1 болады.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді

13 наурыз, жұмада KASE-те доллар бағамы 400 теңгеден асты. Таңертеңгілік сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге 405,05 теңгеге дейін құлдырады, ал кеше теңге бағамы 399,7/$1 болған еді.



sputniknews.kz