Қазақстандық авиакомпаниялар коронавирусқа байланысты рейстер кестесін өзгертуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық авиакомпаниялар рейс кестесінің өзгергенін ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

самолет

Air Astana жолаушыларға барлық мәлімет ресми сайттарында жарияланғанын мәлімдейді. 

«Егер сіз ұшу мерзімін ауыстыруды жоспарласаңыз, [email protected] орталығына жазуыңызды және жауап күуіңізді сұраймыз. Шұғыл сұрақ болса, өз қалаңыздағы компанияға хабарласуыңызға болады», — деп хабарлайды авиакомпания баспасөз қызметі.   

Сондай-ақ, тасымалдаушы колл-орталығында мәселе шығуы мүмкін екенін ескертеді.

«Егер сіз бірден байланыса алмасаңыз, кешірім сұраймыз, өйткені қоңыраулар көп болғандықтан желілер шамадан тыс жүктелген»,- дейді  Air Astana

Scat әуекомпаниясы да ұшу кестесін сайтта бақылап отыруды ұсынды.
«Өтінішіңізді мына e-mail: [email protected] поштаға жібере аласыз. Тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына 8 7252 99 88 80 хабарласа аласыз», — деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

 

stan.kz