Текелі қаласының шаруалары 3,6 млрд теңгенің өнімін өндірді

0

Мысалға, қаладағы «Қаженов» шаруа қожалығы жеміс-жидек пен жүзім өсіруге маманданған. Өткен жылы 8,73 гектар аумаққа жүзімнің шығымы мол элиталық көшетін отырғызып, өндірген өнімі үшін 15,5 млн теңге шамасында субсидия алды. Мал шаруашылығын дамытуды «Аян» шаруа қожалығы қолға алған. Асылды тұқымды мал өсіруде. Дайын ет өнімімен Текеліні ғана емес, Талдықорған қаласын да қамтып отыр. Мемлекет шаруаның бұл бағыттағы жұмысын ынталандырып, шығындарды 13,5 млн теңгеге дейін субсидиялап, өтеп берді. Сол сияқты «Алма-Дария» шаруа қожалығы да сүт өнімдерін дайындайды. Тұрғындар тарыпан сқұраныс бар, өндіріс көлемін ұлғайту үстінде. Өткен жылы сүтті қайта өңдейтін шағын цех іске қосты. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін қондырғылар сатып алды.

Жалпы, Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық бағыттағы дамуы ілгерлеу үстінде. Қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, өткен жылы 1274 адам жұмыспен қамтылған. Яғни, үш жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/