Сауд Арабиясын сел басты

0

Астана. 31 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясында биыл тағы да нөсерлі жауыннан сел көтерілді. Оның салдарынан корольдіктің бірқатар аудандарында 12 адам мерт болды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, төрт күнге созылған құтқару жұмыстары кезінде 271 адам құтқарылған. Елдің солтүстік-батысындағы Тебук ауданында 137 адам эвакуацияланды.

Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс қызметі ел тұрғындарын сақтану шараларын ескеріп, дауыл мен нөсерден, селден абай болуға шақырды.

Службы гражданской обороны призвали граждан принять меры и быть готовыми к сильным порывам ветра, внезапным потокам воды и потопам.








Дереккөз: http://kazislam.kz/