Тәжікстанда магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды

0

Тәжікстанда Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас аумақта, Қытайдың солтүстік-батысында 23 ақпан күні таңертең магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай сейсмология орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпуі сағат 08:37-де (Астана уақытымен 06:37-де) болған. Агенттік ұсынған мәліметтерге сәйкес, тұрғындар арасындар зардап шеккендер және құлаған ғимараттар жайлы ақпарат әзірге келіп түспеген. Сонымен қатар, Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) мәлімттерінше, оның магнитудасы 6,8-ді құраған. Орталық таратқан ақпаратқа сай, жерасты дүмпуінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған. Сол сияқты АҚШ-тың (United States Geological Survey, USGS) геологиялық қызметі де, Тәжікстанда магнитудасы 6,8-ді құрайтын жер сілкінісі болғанын хабарлайды. Белгілі болғандай, жерасты дүмпулерінің ошағы Мургаба елдімекенінен 67 шақырым жерде болған.