Тәулік ішінде бірден 22 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 наурыздағы ақпарат
27 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 342 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 25 наурыздағы мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 190 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 317, өлім жағдайлары — 677, барлығы 47 225 адам сауығып шықты.