Ұйықтап жатқан бойжеткеннің телефоны өртеніп, беті күйіп қалды

0

Англияның Бирмингем қаласында телефонмен оқыс жағдай болып, қыздың беті күйіп қалды.

17 жастағы бойжеткен Эми Холл (Amie Hall) ұйықтар алдында телефонын төсектің жанындағы қуаттағышқа қосқан. Түн ортасында қуаттағышы жарылып, қыздың көрпесі де өртене бастайды.

Осының салдарынан қыз баланың беті күйіп қалады.

«Телефонды қуаттағышқа қосқан соң, көзім ілініп кетіпті. Жалынның әсерінен оянып кеттім. Бетімнің күйгенін көрдім. Бірден анамды көмекке шақырдым», — деді бойжеткен. 

Анасы өртті сөндірген. Артынша құтқарушылар шақырыпты. Қазір отбасы телефонды өндірушіге сұраныс жіберді. Алайда өрт қуаттандырғыш құралдан шыққаны анықталды.