Аяжанды өлтірген маньяк сияқты: Алматыда писхикалық ауытқуы бар 10 мың адам бар

0
6390
Фото: focus.ua

Кеше қоғамды дүр сілкіндірген Аяжан қарындасымыздың жан түршігерлік оқиғасы – елімізде жарылғалы тұрған тағы бір қанды іріңді жараның аузын ашып кетті ұққан адамға. Ол – еліміздегі кезекті жемқорлық әрекеттің құрбаны. Ең қорқыныштысы – енді мұндай оқиғалардың жиілеуі мүмкін екендігінде.

Таратып айтайын.

Елімізде психикалық ауытқу ауруларымен есепте тұратын адамдардың саны жыл санап артып келеді. Тек Алматы қаласы бойынша 2019 жылы 10 мыңнан астам адам тіркелген болса, бұл көрсеткіш жыл санап 15-20 пайызға артып келеді. Бұл ресми тіркелгендердің саны. Әдетте, мұндай науқас байқалған отбасы мүшелері, балаларының болашағына алаңдап оны тіркетпей, емдеуге, жасыруға тырысады. Көбіне мұндай қадамға әлеуметтік жағынан қамтылған ата-аналар барады. Олар қоғамда сіз бен бізбен қоян-қолтық қалыпты өмір сүре береді. Сырттай сіз оны ажыратпауыңыз да мүмкін. Ал мұндай науқастардың саны ресми дерекке қарағанда бірнеше есе көп.

Кешегі Аяжанды кескілеп өлтірді деген күдіктінің әлеуметтік портреті “мектепті “Алтын белгіге” бітірген, медицина саласының қызметкері, ата-анасы интеллигент екен” деп суреттелгенде ойға бірден осы оралды. Егер, құқық қорғаушылар індете тексерсе, сол күдіктінің бұрынырақта Каблуковада есепке алынбай емделіп шыққаны анықталып жатса таң қалмаймын.

Білуімше, амбулаторлық есепте тұрған мұндай ауруларға өкімет таратуға тиісті препараттардың негізгі операторы Каблуковадағы жүйке аурулары ауруханасы. Негізгі орындаушы – сол баяғы “СК Фармация”. Енді біз назар аударуға тиісті мәселе – негізгі оператор Батыс елдері, тіпті көршілес Ресей ақша аямай сатып алып отырған қымбат препараттарға қанша тапсырыс бергенімен, іс жүзіне келгенде бұлар арзан, әлсіз аналогтарына айырбасталып, Алматы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі арнайы орталықтарға солай таратылады. Нәтижесінде, құстың келуі мен кетуі маусымында мұндай аурулардың, оқиғалардың жиілегеніне куә бола бастаймыз. Дәл бұлай кете берсе, дәл кешегідей жан түршігерлік прецеденттер жиілеп, “зомбиі” қаптаған елге айналамыз ба деп қорқам.

Қысқасы, тек қана Құдайдың кереметімен, соның сақтауымен аман тұрған мемлекетпіз ғой…

Нұриддин Садықов, Facebook парақшасынан