Танымал өзбек жазушысы Хамид Исмаилов АЕ/АР Орталық Азия бағдарламалар жетекшісі болып тағайындалды

0

Танымал өзбек жазушысы және журналист Хамид Исмаилов Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия бағдарламалар жетекшісі қызметіне тағайындалды. Ол 1 ақпаннан бастап қызметіне кіріседі.

«Соңғы кездері Орталық Азия қызметі маңызды оқиғаларға арналған бірнеше мақала әзірледі және осы серпінді нығайтып, жұмысты жаңа деңгейге көтеру үшін Хамидтің арамызға қосылғанына қуаныштымыз» делінген Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай.

АЕ/АР-ға келгенге дейін Хамид Исмаилов 14 жыл бойы BBC медиакорпорациясының Орталық Азия және Кавказ қызметін басқарды. Бұл қызмет Орталық Азия мен Кавказдың ондаған елінде түрлі платформада алты тілде радио-телебағдарлама әзірлейді. Исмаилов кейінірек BBC-дың Еуропа бөлімінің атқарушы редакторы болды.

2017 жылы 1 наурызда Лондоннан Ташкентке ұшып келген Ұлыбритания делегациясының құрамында болған Исмаилов әуежайда ұсталып, еш түсіндірместен сол күні Өзбекстаннан шығарылды. Бұл сапар алдында Өзбекстанның сыртқы істер министрлігіне делегация мүшелерінің тізімі жіберілген. Олардың арасында Исмаиловтың да аты-жөні болған. Өзбекстанның СІМ оның келуіне еш қарсылық білдірмеген. 2019 жылы наурыз айында Исмаилов Өзбекстанның мемлекеттік УзА агенттігіне сұхбат беруден бас тартып, Өзбекстан ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деген.

Хамид Исмаилов ағылшын, орыс, француз және Орталық Азия халықтарының тілдерінде сөйлейді.

Тәжірибелі журналист, ақын әрі жазушы Исмаиловтың «Жындардың биі» шығармасы 2019 жылы Еуропа қайта құру және дамыту банкінің сыйлығына ие болды.

Бұған дейін АЕ/АР-дың Орталық Азия бағдарламалар жетекшісі міндетін Венера Жуматаева басқарған. Ол бұрынғы қызметіне оралды.

АЕ/АР-дың Орталық Азия қызметіне Озодлик радиосы (Азаттықтың Өзбек қызметі), Азаттық радиосы (Азаттықтың Қазақ қызметі), Азаттык (Азаттықтың Қырғыз қызметі), Озоди радиосы (Азаттықтың Тәжік қызметі) және Азатлык (Азаттықтың Түркімен қызметі) кіреді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз