Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Ол 10 мың долларды қызына сыйлауды жөн санады. Ал қалған ақшаны сақтап қойған екен. Ер адам барлығы елу мың доллар алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Хеброн қаласының тұрғыны көлік нөмірінің арқасында мыңдаған доллар ұтып алды, деп хабарлайды UPI ақпарат порталы.

Өткен жылдың желтоқсан айында Джеффри Уорд дүкенге бара жатып, 2137 нөмірі бар көлікті көрген. Ол дәл осындай сандары бар лотерея алуды шешкен. Барлығы 10 билет алыпты.

Нәтижесінде Уордтың әрбір билеті ұтысқа ие болды. Ақшалай сыйлықтың жалпы сомасы – 50 мың доллар (18 миллион теңгеден астам). Жеңімпаз 10 мың долларды қызына сыйлады. Ал қалған ақшаны сақтап қоюды жөн көрген.  

Тағы оқыңыз: Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

Айта кетсек, өткен жылдың қазан айында қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алған болатын. 

Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз