Танымал актердің отбасын өлтіруге адам жалдаған азамат ұсталды

0

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қырғыстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрканбек Тұрсынбаевты өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады деп хабарлайды Kaktus media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Lenta.ru

Көрнекі фото: Lenta.ru

Әртістің жұбайының айтуынша, Тұрсынбаевты Қырғыстанның халық әртісі атағына қатысты кикілжіңнен соң біреулер өлтіруге тапсырыс берген.

Тұрсынбаевтың жұбайы құқық қорғау органдары аталған істі ашу кезінде жайбарақат жұмыс жасайтындығына ерекше тоқталған.

Ал қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері А.А. есімді күдіктіні ұстаған.

Күдікті берген мәлімдемесінде еңбек сіңірген әртісті және жұбайын өлтіруге екі азамат тапсырыс бергенін, ол үшін 10 мың доллар ұсынғанын, алдын-ала мың доллар төлеп қойғанын айтқан.

Адам өлтіруші басында зерттеумен айналысқан. 2018 жылы қарашада оны іздеу туралы хабарламалар да шыққан. Содан кейін, тез арада ұсталған.

2018 жылы 12 желтоқсанында оны тергеу изоляторына қамады. Жедел-тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу Қырғыстанның ішкі істер басқармасының бақылауында.