«Таң қалды»: Коронавирус жұқтырған қазақстандық байланысқа шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Оңтүстік Кореяда коронавирустық инфекцияны жұқтырды деген қазақстандық туралы жаңа деректерді айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айбек Смадияров

Бұған дейін министрлікте аталған фактінің расталмағанын мәлімдеді.

СІМ-де қазақстандық СОVID-19 коронавирус ауруын жұқтырған адам болған қоғамдық тамақтану орнына барғанын атап өткен болатын.

«Біздің елшілік Оңтүстік Кореяда коронавирус анықталған алғашқы күннен бастап Сыртқы істер министрлігімен және Кореяның ауруларды бақылау және алдын-алу орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Аталған орталықтың ұсынысы бойынша біздің азаматтарымыз күнделікті денсаулық жағдайын телефон арқылы бақылай отырып, үй карантинінде болуы қажет», — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, ауру жұқтыруы мүмкін деген қазақстандық өзі байланысқа шыққан.

«Ол өзі байланысқа шығып, оның фотосуретінің таралғанына таң қалды. Ол ешқашан Ансон қаласында болмаған және ешқашан сынақтардан өтпеген. Соған қарамастан, ол қазір сынамалардан өтуге дайын», — деді А. Смадияров. 

Белгілі болғандай, Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда заңсыз жүр.

СІМ өкілі Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.  

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сыртқы істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тексерілмеген ақпаратты жарияламауға, дүрлігу мен үрей тудырмауға шақырады. Сыртқы саяси ведомствоның ресми түсініктемесін күтуді ұсынамыз», — деді ол.

 

stan.kz