«Біз де құрбан болдық»: Қаржы пирамидасына алданған жұлдыздар – Қазақстан жаңалықтары

0

Алаяқ ломбардттар аңқау халықты 5 млрд 411 миллион теңгеге ақшаға алдап түсірген. Бұл сумма еселенуі мүмкін, өйткені қасықтап жинағанын қаржы ұйымына шелектеп төгіп, ауа қарпып қалғандардың күн санап артуда. Көлігін ғана емес, басындағы баспанасын салып үйсіз қалып отырғандар өте көп. Қара халық қашанғы аладана бермек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

пиремида

Жансая Бекбауова жалғыз баспанасын ломбардқа өтікізіп үйсіз  қалды. 

Шешесіненен қалған жалғыз үйді ломбардқа салған ол екі есе бағасын шығарып аламын деп ойлаған. Қаржылай сауатты ломбард қарапайым халық өкілін оңай алдап түсірген. 

Жоғарыдағы жағдайдың барлығын тыңдаған тележүргізуші, журналист Тахир Сұлтановтың шамына тисе керек, шыдамай өз ойын айтып салды. 

«Қой аузынан шөп алмайтын халықпыз деп айтамыз. Қашанғы қараңғы бола бересіңдер, айналайындар! Қалтаңдағы барыңды не үшін бересің?! Қашанғы «лох» бола берсіңдер?! Пирамида екенін көрініп тұрған дүние. Жалпы бәріне айтып жатырмын», – деп эмоциясына ерік берді.

Қарапайым халық сияқты бізде алаяқтардың құрбаны болдық деген блогер, актер, әншілер осы бағдарламаға істің ақ-қарасын ажыратуға келгенін айтады.

«Халыққа оңды оң, солды сол деп түсіндіруге келдік. Бірақ бізде қарапайым халық сияқты қаржы жағынан сауатымыз жоқ», – дейді Артур Төлепов.

«Бізге өзіміз араласып жүрген жақын бауырымыз хабарласқан болатын. Жаңадан ломбард ашылған екен, қарап жарнамасына түсесіңдер ме деген ұсыныс айтты. Келісім бермес бұрын біз барып, барлық құжаттарды тексердік. 2018 жылдан бері жұмыс істеді екен. Біз ойладық: екі жылдан бері жұмыс істейді, барлық жерде жұмыстары жүріп жатыр. Алаяқтар болатын болса, өмірі ұзаққа бармас еді», – деді Артур Төлепов.

«Мен ломбардқа жарнама жасамаймын. Мен сигарет, алькоголь, ломбард сияқты дүниелерге жарнама жасамаймын. Жақыным өтініш айтып қоймады. Бір күні мені ұстап алды. Амал жоқ көндім. Досымның көңілін қайтармас үшін», – деген танымал блогер Мейіржан Төребаев осы жарнамасы үшін ақы алмағанын айтады. 

«Дәл осы ломбард бізге ақы төлеген жоқ. Өйткені орақ досымыз болды. Соған сеніп актер ретінде жарнамасына түстік», – дейді вайнер. 

Актер Артур Төлепов, вайнер Мейіржан Төребаев «Гарант 24» ломбардқа көліктерін қойып, алданып қалған. 

«Мен көлігімді беріп қайдым. Біз де қарапайым халық сияқты алдандық. Көлігімнің маркасы Land cruiser Prado», – деген Төлепов бағасы 13 миллиондай сумманы құрайтынын айтты. 

Ал Төребаев болса, Ford Explorer маркалы 10 миллион теңгелік көлігінен айырылып қалған. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз