Талдықорғанда ММА-дағы Қазақстанның V Кубогі өтеді

0
04 Желтоқсан 2018, 22:49 290 0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талдықорған қаласында 4-8 желтоқсанда өтетін ММА-да Қазақстанның V Кубогі аясында брифинг өтті.

Жарысқа Қазақстан бойынша 150-ден астам спортшы қатысады. Ең беделді әуесқой ерлер, әйелдер мен 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 14 салмақ категориясында бақ сынайтын болады.

Өткен жылы ММА-дағы Алматы облысының құрамасы 2017 жылы Қазақстан Кубогінде бірінші командалық орынды иеленіп, өз жерінде ММА-дағы Қазақстан Кубогін өткізу құқығын жеңіп алды. Талдықорған қаласында ММА бойынша алғаш рет осындай жарқын және ауқымды шараны өтеді.

Қазақстандық ММА федерациясының президенті Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, осы жолы ерекше, эксклюзивті Кубок жасалды, осы жылдан бастап кубок ауқымды болады.

ММА-дағы Қазақстан Кубогінің жарқын шыңы — «BATTLE OF NOMADS-11» халықаралық кәсіпқой турнир өтеді. Турнирде қазақстандық танымал жауынгерлер шетелдік қарсыластарымен жекпе-жектерін өткізеді. Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов, өз мансабында жарақат нәтижесінде алған үзілістен кейін, өз жерлестерін қуантуға шешім қабылдады. Ол испан бәсекелесі Кристиан Гарсиамен кездеседі. Әлем чемпионы, еш жеңіліс көрмеген Шавкат «Номад» Рахмонов қырғызстандық қарсыласы, WEF лигасының өз салмақ категориясында көшбасшы болып табылатын Ринат «Рико» Саяқбаевқа қарсы күресетін болады. Дмитрий Кудинов Қырғызстанның жауынгері Таалайбекуулу Адиспен кездеседі.

Қазақстанның ММА кубогі жаңадан құрылған Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының аясында өткізілген алғашқы шара болды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ