Таксиде жүргізуші мен жолаушы қазақша ән үшін «төбелесіп кетті»

0

Таксиде жүргізуші мен жолаушы ән үшін төбелесіп кетті.

Видео ұрыстың ортасында түсіріле бастаған. Instagram парақшада жарияланған видеодан кикілжіңнің әнге бола басталғанын көруге болады. Оқиға болжаммен Алматы қаласында болған.

Видео авторы жолаушыға қазақша ән ұнамай қалғанын айтып сендіруде. Ал жолаушы өз кезегінде керісінше әннің ұнап, оны ауыстырмауды өтінгенін айтады.

Болжам бойынша, екі ән де қазақ тілінде.

Жолаушыларға жүргізушінің видеоға түсіріп жатқаны ұнамай, әрі қарай бір-біріне қол көтереді. Десе де кімнің бірінші болып «ұрғаны» белгісіз.