“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы мәслихаты қаланың Бас жоспарына түзету енгізу жобасын мақұлдады

Алматы мәслихаты қаланың Бас жоспарына түзету енгізу жобасын мақұлдады

Құжат бұған дейін кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтіп, оң қорытынды алған.

Алматы мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына түзету енгізу жобасын қарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сессия барысында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Бас жоспарға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын кезең-кезеңімен көшіру бар. 

Көлік саласындағы шешімдер аудандар мен полиорталықтар арасындағы байланысты жақсартуға, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға және жеке автокөлікке тәуелділігін төмендетуге бағытталған.

«Метро, LRT және SkyTrain Қаскелең, Талғар және Құлжа бағыттарының келешегін ескере отырып, біртұтас магистральдық көлік қаңқасына біріктіріледі. Жоспарлау кезінде іргелес аумақтар мен Алатау қаласының бүкіл агломерация ауқымындағы дамуы да ескеріледі. Айналма желілерді, көлік ауыстыру хабтарын және SkyTrain секілді жүйелерді дамыту жолаушылар санын қайта бөлуге, жүктемесі жоғары бағыттарға түсетін қысымды азайтуға және қалалық мобильділіктің экологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Бейбіт Шаханов.

Бас жоспарға енгізілетін түзетулер аясында 2040 жылға дейін 276 өнеркәсіп кәсіпорнын көшіру де жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Алматының солтүстік, орталық және батыс бөліктерінде тарихи қалыптасқан, қоршаған ортаға кері әсер ететін бірқатар өнеркәсіп нысандары орналасқан.

«Бас жоспарда тұрғын аудандарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін ескере отырып кешенді дамытуға басымдық берілген. Жаңа аудандарды жоспарлау кезінде тұрғын үй құрылысы мектептер, балабақшалар, медициналық және спорт нысандары, қоғамдық кеңістіктер мен инженерлік инфрақұрылымды дамытумен қатар жүруге тиіс. Халық тығыз орналасқан және әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы бар аумақтарға ерекше назар аударылады. Бұл қаланың теңгерімді дамуын қамтамасыз етіп, тұрғын үй құрылысының жайлы өмір сүруге қажетті инфрақұрылымнан озып кетуіне жол бермеуге мүмкіндік береді», – деді Бейбіт Шаханов.

Айта кетейік, Бас жоспардың табысты іске асыру тұрғындардың өмір сапасына басымдық беретін, барынша жайлы, қауіпсіз, экологиялық және функционалды Алматыны қалыптастыруға мүмкіндік береді

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.