Сырдария өзенінің арнасынан шығу қаупі бар

0
191
Сырдария
Сырдария. Фото: Liter.kz

Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін. Бұл туралы “Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша жарияланған ескертуге сүйенген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылмалығына байланысты өзен арнасы тарылу себебінен су деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін, – делінген ҚР ІІМ ТЖК хабарламасында.

Мамандар 26 желтоқсан күні Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астанада қатты аязға байланысты төтенше ескерту жарияланғанын да еске салады.

26 желтоқсан күні Ақмола облысында 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз болады. Астанада түнде ауа температурасы 35 градус аязға дейін төмендейді. 26-27 желтоқсан аралығында түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градусқа дейін күшейетін қатты аяз болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz