Аяз біртіндеп әлсірей бастайды – Қоғам|26 Желтоқсан 2018, 12:15

0
174
26 Желтоқсан 2018, 12:15 47 0

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Сонымен, 27-29 желтоқсан аралығында Қазақстанға аномальді аяз әкелген сібір антициклоны республиканың көптеген өңірінің ауа райына әсерін жалғастыратын болады. Алдағы тәулікте, әсіресе түнде қатты аяз сақталады.

Бірақ батыс өңіріне циклон және атмосфералық фронттармен байланысты жылы және ылғал ауа массалары ене бастады. Осы циклонның шығыс бағытта жылжуымен кей жерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ