«Сүйе алмайтын сияқтымын»: Айгүл Иманбаева ұлының әкесі оған ес-түссіз ғашық болғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0
63

Айгүл Иманбаева ұлының әкесі Сәбит Әбдіхалықовтың сезіміне дұрыс жауап бере алмағанын алғаш рет айтты. Ол кезінде Айгүлге ес-түссіз ғашық болын екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

иманбаева

«Өзіме «Сен біреуді сүйе аласың ба?» деген сұрақ қоямын. Сүюге жаралмағанмын. Сүйе алмайтын сияқтымын. Сол кездегі Асылжанның әкесінің сүюіне шек келтіруге болмайды. Ол менің тарапымнан қиянат болады қазір. Ес-түссіз сүю, ғашық болу дегенді Асылжанның әкесінен көрдім. Меніңше, сол махаббатқа мен жауап бере алмаған сияқтымын», – дейді әнші TALKLIKE бағдарламасына берген сұхбатында.

Бірінші күйеуінен кейін де өзіне ес-түссіз ғашық болғандар кездесіпті. Алайда өзі ғашық бола алмаған.

«Менің тарапымнан ондай болмады. Анамның құрсағына біткеннен бері керекті махаббаттың мөлшерін ала алмай дүниеге келген сияқтымын. Әке-шешем үш-төрт жасымда кетті ғой. Мен ер-азаматтан бала кезден махаббат ала алмадым. Ер адам энергетикасы мен менің энергиям алмаспағаннан кейін, мен ер азаматқа қандай махаббат бере алуым мүмкін деп ойладым. Яғни, кінә менде», – дейді Айгүл Иманбаева.

Әншінің айтуынша, оған үкімет басында отырған кісі тоқал болуға ұсыныс жасағандар да болыпты. Бірақ бас тартқан.

«Үкімет басында отырған бір кісі болды. Жоқ дедім. «Барлығы болады сенде, жұмысың да, басшылық қызмет те, үй-күй де. Жағдай да. Бірақ ешкім білмейді» деген. Бірақ менің табиғатым алыс ондайдан. Олай қатты айтуға да болмайтын шығар. Неден қашасың, соған тап болады ғой. Өз-өзіме ұрысқанмын. Тоқал болсам, осы уақытқа дейін шығып алып, баламды «папа» деп айтқызып қойып отырар едім. Тып-тыныш өмір сүре берер едім. Маған ол жат нәрсе», – дейді әнші.

stan.kz