Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

0
97

Алматыда Республика сарайында өткен «Қазақ аруы – 2020» байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты

АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Алматы облысының 20 жастағы аруы Нарқыз Айдарова «Қазақ аруы – 2020» атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастыратын байқау биыл 10 рет өтті. Алматыда Республика сарайында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты. Қатысушылар сұлулық, жоғары интелект, салт-дәстүр және өнерден бақ сынады.

Ресейлік сұлулық байқауындағы шу: қазақ қызын сахнаға ашық киінуге мәжбүрлеген

Байқауда Нарқыз Айдарова Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.

Жеңімпаз болған Нарқыз Айдарова бұған дейін режиссер Артем Ганцевтің «Ғазиз жүрек» телесериалына түскен.

І орынды алматылық Аяжан Тойбазар, ІІ орынды Қарағанды қаласының 19 жастағы аруы Аяжан Мүбарак, ІІІ орынды Алматы қаласының 18 жастағы тұрғыны Зере Молдабекова алды.

Сондай-ақ, байқау барысында көрермен Тамара Асар, Айқын Төлепберген, Қуандық Рахым, Айгерім Қалаубаева, «КешYOU» тобының өнерін тамашалады.



sputniknews.kz