СҚО-да мешіт өртенді — Тосын жай

0

Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртеніп кетті, — деп хабарлайды Петропавловск.news.

Мамлют қаласында орналасқан мешіттің шатыры мен ғимараттың төбесіндегі жабынды толықтай өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеді.  

Мешіттің қабырғасы ағаштан салынып, кірпішпен қапталған. Ал төбесі ағаштан және төбесіне профлист салынған. 

Өрт шалған аумақ — 100 шаршы метр. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz