​Сот жәбірленушінің «ұсқынсыз» болғаны үшін қылмыскерлерді ақтаған

0

​Сот жәбірленушінің «ұсқынсыз» болғаны үшін қылмыскерлерді ақтаған

Италияның Анкона қаласында жергілікті тұрғындар қыз зорлады деп күдікке ілінген ерлерді босатуға қарсы наразылыққа шықты. Сот жәбірленушіні ерлердің назарын аудармайтын, еркекке ұқсайтын болғаны үшін күдіктілерді босатқан.


 
2015 жылы 22 жастағы бойжеткенге екі таныс ер адам қоқан-лоққы көрсеткен. Бойжеткен олардң өзіне есірткі бергенін, содан кейін біреуі зорлап, біреуі қарауылда тұрғанын айтқан. Дәрігерлер қыздың қанында есірткі болғанын және жарақаттардың болғанын растаған. Бірақ сот істі қарағаннан кейін күдіктілерді босатқан. Себебі жәбірленушіні ерлердің назарын аудармайтын, еркекшора деп таныған. Бұл іс енді қайта қаралатын болады.
 
Дереккөз: КорреспонденТ

http://inform.kz