Ақтауда клиенттерін қан қақсатқан такси жүргізуші ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына жабылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Такси жүргізуші бауырымен бірге клиенттерін тонап, ұрып-соққан. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың 10 наурызына қараған түні Ақтау тұрғыны 6- шағын аудандағы 13-үйдің қарсы бетінде такси ұстаған. Автокөлікте екі ер адам: жүргізуші мен кейін белгілі болғандай, оның бауыры болған. Олар клиентті Өмірзақ елді мекені аумағына алып барып, ұрып-соғып, тонаған. Такси жүргізуші зардап шегушінің ұялы телефонын, 30 мың теңгесі мен Toyota Prado көлігінің кілтін алып кеткен. 

10 наурыз күні 03:00-де тағы бір клиент тоналады.  

«Такси жүргізуші клиентті 32-шағын ауданда мінгізіп, оны Green Park тұрғын үй кешені аумағындағы құрылысқа алып келген. Мұнда ол зардап шегушіні ұрып-соғып, күртесін, ұялы телефонын, күміс жүзігі мен 150 мың теңгесін тартып алған», — деп хабарлады Маңғыстау полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні 12 наурыз күні ұстады. 

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 178-бабының 2-бөлімі бойынша (ұйымдасқан топ жасаған тонау) такси жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық айғақ зат алынды. Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына жабылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.



sputniknews.kz