Соқпақбаев, ағаштар неге ашуланды, табиғатты аялау

0
Ана тілі пәні бойынша жасалған қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?»
Сілтеме Авторлары: С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова
Алматы «Атамұра» 2011
Сабақтың мақсаты: Ағаштардың адам өміріндегі маңызы.
Оқыту нәтижелері: Тақырып жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізін қалау.
Жаңа білімді өмірде байланыстыра пайдаланудың мүмкіндіктерін білу және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, ойлану, талқылау
Негізгі идеялар: Оқушының өмірде біліміне, білігіне сүйену.
Жаңа теориялық ақпарат беру арқылы оқушыға сыни ойлау дағдысын, іс әрекеттің амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Негізгі дереккөздер: Power Point, ағаштар суреті, google. сom
Тапсырмалар
«Ой қозғау» стратегиясы
«Әлемді шарлау» әдісі
Оқулықпен жұмыс
«Сұрақ — конверт» әдісі
«Білгенге маржан» стратегиясы
Ой-толғаныс (топпен жұмыс)

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасын сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге
«Көңіл — күйімізді көтерейік!»- тренинг
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады, жақсы бағалануға ұмтылады

ІІ. Үй тапсырмасы:
«Серпілген сауал» әдісі
«Компас» тақырыбы бойынша
1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
2. Балалар қайда барады?
3. Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
4. Бодан компасты не істеді? Оның орнында болсаң, не істер едің?
5. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойыңды айт. «Егер мен болсам…»
6. «Сау басына сақина тілеп» деген қандай мағына береді?
7. Боданның өзін — өзі ақтамақ болған жерін айт
8. Боданның компасты алғаннан кейінгі ойын айт

ІІІ. «Стикердегі диалог» әдісі
Қызығушылықты ояту
— Суретте не бейнеленген?
— Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл — күй туды?
— Суретте қандай ағаштар бейнеленген?
— Олардың пайдасы туралы не білесің?

ІҮ. «Әлемді шарлау» әдісі
Бердібек Сокпақбаев (13. 10. 1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.

V. Электронды оқулықпен жұмыс
Электронды оқулықтан Б. Сокпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін тыңдату
Әңгімеде шынымен ағаштар не үшін ашуланды?
Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша жаз.

Алмабектің…
айыбы…

Бастауыш сынып мұғалімі: Халидуллина Жасқайрат Кәрімқызы
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?» жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/