Маңғыстау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді. "25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленушілер жоқ. Соңғы қоңырау күніне байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті", - деп хабарлады полицияда. Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертіп, мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.View this post on Instagram
«Несиесін бүгін жаптым»: Ерке Есмаханның қарайып кететін алтыны тағы да дауға айналды
Бүгін, 14:53