Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Самұрық-Қазына" қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады

"Самұрық-Қазына" қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартады
Фото: 2gis.kz

"Самұрық-Қазына" қоры елордадағы 6,5 мың қызметкерінің 10 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер 10 пайызға қысқартылады.

"Барлық корпоративтік шешімдер қабылданған, жұмыс еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл шешім наурыз айының соңына дейін толық жүзеге асырылады деп ойлаймын", - деді Жақыпов Ақорда кулуарында.

Сондай-ақ ол Астанада қордың 6,5 мың қызметкері бар екенін нақтылап, қысқарту шамамен 650 адамға қатысты болатынын жеткізді.

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген жиынында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияларда нақты нәтиже көрсетпейтін қызметкерлердің саны тым көп екенін айтқан болатын. Президенттің сөзінше, «сол жағалауда» отыратын, яғни «левобережный» аталып кеткен қызметкерлер аз емес. Президент олардың жұмыс уақытында қонақүйлерде отырып, бейресми әңгіме құрып, шай-кофе ішіп отыратынын сынға алды.

Осы мәлімдемеден кейін ұлттық компаниялардың басқару құрылымын қысқарту және әкімшілік аппаратты оңтайландыру мәселесі көтерілді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі