Содырлар жазадан құтылу үшін сақалын қырып, киім-киісін өзгертуге көшкен

0

Тығылған лаңкестерді анықтаудың жоспары өзгеріп жатыр. Бұл туралы президент ҰҚШҰ отырысында айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінде полиция органдарына 8 мыңға жуық адам жеткізілді. Құқық қорғау органдары мен арнайы жасақтар тәртіпсіздік пен лаңкестік, адам өлтіру деректерін анықтап жатыр. 116 қару-жарақ тәркіленді. Операция жалғасуда. Тығылған лаңкестерді анықтаудың жоспары өзгеруде. Олар сақалдарын қырып, қарапайым азаматтардың  киімін кию арқылы жаңа тактикаға көшті», — деді.