Тоқаев бүгін мәжілісте жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 11 қаңтар күні жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

«Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады», — деп жазды ол.

Айта кетейік, президенттің қатысуымен өтетін жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.