“Сіздерге жиі айтпайтын себебім осы еді…”: Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы жайлы бар шындықты айтты

0
15466

Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткеніне үш күн болған жолдасы жайлы алғаш рет жазба жариялады.

«Менің Қайрекем…

Соңғы үш күн түсім сияқты. Сенгім де, мойындағым да келмейді.

Отасқанымызға 16 жылдан асты. Еркелетті, икемдеді, үйретті. Енді ғана, міне, ұлдар өсті дегенде…

Іштегі сезімімді айтарға сөзім, жазарға әріптерім де жетпейді. Қалдырған ізі, атқарған ісі көп, әлі де қанша жоспары бар еді… Олар туралы айтуға да қарсы болатын. “Алладан қайтады”, — деп ауыз ашқызбайтын. Сіздерге де жиі айтпайтын себебім осы еді.

Қазір де иісі мұрныма келіп, сөзі құлағымда ойнап, көз жасым тоқтамай, қорқынышты түс көріп жатқандаймын. Ағамның кеткеніне көп болмап еді, ал енді бәйтерегім құлады…

P.S. Көңіл айтып, жазып жатқан баршаңызға рақмет. Қазір отбасымыз үшін өте қиын уақыт, балалар үшін екі есе қиын. Ештеңеге шамам да, мүмкіндігім де жоқ. Тәнім мен жанымды, миым мен күйімді жүйелеп алғанша түсіністікпен қарауларыңызды шын жүректен өтініп сұраймын.», — деп жазды.