Сізде ерекше өкілеттіктер бар екенін айтқанмын: Тоқаев Цой мен бүкіл үкіметке ескерту жасады

0
1596

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен жалпы Үкіметке ескерту жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі басты тұлға, сізде ерекше өкілеттіктер бар екенін айтқанмын. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ содан кейін айналым айтарлықтай төмендеді…

… Сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, сізді кадрлық ауысулар қатты ренжітеді. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, жалпы Үкіметке қатысты», – деді Тоқаев.