Президент Нобель сыйлығына ұсынылды

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «соңғы 15 жыл бойы ахуалы қиын аймақта бейбітшілікті орнатуға қосқан зор үлесі үшін» Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы «Грозный» телеарнасына сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, өтінімді Норвегия өкілдері жолдаған көрінеді. Өткен жылы Қадыров бейбітшілік және даму институты (INSPAD) бекіткен халықаралық бейбітшілік сыйлығына ұсынылған еді. Ұйым саясаткердің халықаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды, сондай-ақ гуманитарлық және білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өткен болатын.

Нобель сыйлығын табыстау рәсімі 1901 жылдан бері жыл сайын Осло қаласында өткізіліп келеді. Қордың жарғысына сәйкес, үміткерлерді елдердің парламенті мен үкіметі, халықаралық сот мүшелері, университет ректорлары, Норвегиялық Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.

Биыл лауреаттың есімі 8 қазанда Ослода жарияланады.