«Сіз қаладағы жолмен жүріп көрген адамсыз ба?»: Семей әкімінің желідегі жазбасы халықтың ашуландырды
Семей әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қаладағы жолдарды мақтап жазған жазбасы тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгінде күні қаладағы жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы», — деп жазыпты қала басшысы.
Шенеуніктің бұл айтқаны халыққа жақпаған сыңайлы, ашулы тұрғындар Instagram желісіндегі жазбаның астына өз пікірілерін жарыса жазуда.
«Жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы дей ме? Бұл көрсеткіш қалай есептелді? Қазір бір сау көше жоқ, жолдардың барлығы шұрық-тесік. Айтып отырғаным — қаланың қақ ортасындағы жолдар, шеткі көшелердің жағдайы тіпті қорқынышты. Біреу өтірік ақымақ болып оытрған сыңайлы», — деп жазыпты бір желі қолданушысы.
«Сіз Семейдің көшелерімен жүріп көрдіңіз бе?», — дейді тағы бір желі қолданушысы.
«Мүмкін ол жолдардың 78%-ында шұңқыры бар деп айтқысы келген шығар?», — деп жазыпты тағы бірі.