Алматыда мас күйінде сүйіктісін өлтірген азамат сотталды

0
90

Алматыда мас күйінде сүйіктісін аяусыз өлтірген 30 жастағы ер азамат 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, оқиға Алматыда 2017 жылдың соңында орын алған: 30 жастағы Альберт Хасиев 42 жастағы әйелді өлтірген. Ер адамның қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде істегені анықталды.

«Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев атты азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны пышақттап тастаған. Ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеті анықталып, күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сотталушы 10 жыл 6 айға түрмеге қамалды, жазасын қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету