Си Цзиньпин Путинге өтініш айтты: Олимпиада қарсаңында соғыс ашпаңыз

0

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Олимпиада ойындары қарсаңында Ресей басшысы Путинге Украинаға соғыс ашпау туралы өтініш жасаған. Бұл туралы Bloomberg Қытай СІМ өкілдерінің есімін айтудан бас тартқан өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Путин Бейжіңде өтетін қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына баратынын ресми мәлімдеген еді. «АҚШ пен Еуропа елдері Ресейдің басып кіруін тоқтатуға барын салып жатқанда, оны Қытай тоқтатуы мүмкін», — деп жазады Bloomberg.

Қытай басшысы Украинадағы соғыс олимпиаданың қасиетін түсіріп жібереді деп санауы мүмкін. Оның үстіне 2008 жылы Грузияға Ресей Қытайда жаздық олимпиада басталған күні басып кірген болатын. Әлем елдері спорттық сайыстарды емес, соғыс жайлы көбірек жазуға тырысқан еді.