Ресейде үкімет үйін өртемек болды: «Қазақтар, мен сендермен біргемін!»

0
4512

Ресейлік азамат мас күйінде Якутиядағы үкімет үйін өртеп жібермек болған. Ол «қазақтар, мен сендермен біргемін» деген сөзбен ғимаратқа от қоюға талпынған. Өз әрекетін видеоға түсірген. Видеоны RT өзінің Telegram арнасында жариялады. 

Видеода мас адамның үкімет үйінің есігіне келгені анық көрінеді. Артынша ол еңкейіп, «қазақтар, мен сендермен біргемін» деп ұрандап, жердегі кілемге от қояды. Лезде кілем жана бастаған. Ол видеоны өшіріп, оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оны іздестіру үстінде. Оқиға қаңтардың басында болғаны анықталды.

Қазақстандағы газ бағасына байланысты болған толқулар Ресейде әлі талқыланып жатыр. Олар «Ресей халқы неге қымбатшылыққа төзе беретінін» айтуда.