Шымкенттік «дерзкий» ақсақал Lada жүргізушісінен кешірім сұрады

0
28

Түркістан облысында қарсы жолаққа шығып кетіп, жүргізушімен сөзге келіп қалған Chevrolet маркалы көлігінің егде жастағы жүргізушісі Lada жүргізушісінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның кешірім сұраған сәтінің видеосын өңірлік полицейлер жариялады. Видеода Chevrolet пен Lada жүргізушілерінің бірге отырғаны көрінеді. Олардың таныс болып шыққаны анықталды.

“Машина алдыма шыққан кезде бұл қазақтың баласы ғой, осы халықтың баласы емес пе, мені өткізіп жіберетін шығар деп ойладым. Алайда олай болмай шықты. Бұл ағамыздың ұлы, ауылдан шыққан Ербол. Біз қазақпыз ғой. Одан кешірім сұраймын. Әкеңе менің өткізбей қойғанымды айтып, кешірім сұра. Біз бәріміз бауырмыз. Мен кім екенімді таныдың ғой”, – деді Lada жүргізушісіне.

Екінші жүргізуші оны кешіргенін жеткізді.

“Ия, оны таныдым. Шағымым мен арызым жоқ, жай түсінбеушілік болды. Қазір бәрі дұрыс”, – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында жол ережесін өрескел бұзған шымкенттік қарияның бірден төрт бап бойынша жазаланғаны хабарланған болатын.

Chevrolet көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, біржақты көше бойынша келе жатқан көлікке қарсы шығып, “Лада” көлігін қасақана соққан.