Ақжайықта басып озған Лексус екі адамның өліміне себепші болды

0

Орал-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, жолаушы мен зейнеткер көз жұмды.

11.01.21 ж шамамен 12:15 сағат уақытында Ақжайық ауданында, «Орал-Атырау» тас жолында, Самал ауылына жақын жерде «Лексус ЕS-330» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1986 ж.т басып озып, «Лада Ларгус» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1981ж.т көлік жүргізушісімен соқтығысты.

Жол-көлік апаты салдарынан 1948 ж.т, «Лада Ларгус» жолаушысы, зейнеткер апат орнында қаза тапты.

«Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. (Чапаево ауылыв)