Шымкентте тойда жас-жұбайларға VIP-нөмір сыйға берілді

0

 

Видеодан кадрларВидеодан кадрлар

Шымкентте жас-жұбайларға тойға автокөліктің VIP-нөмірі сыйға тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше сыйлықтың видеолары әлеуметтік желілерде тарады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы бұл нөмірдің 228 АЕК — 665 мың теңгеге ресми түрде сатып алынғанын хабарлады.

Мемлекеттік корпорация видео кейіпкері тойға аз уақыт қалғанда күйеу жігітпен бірге алғанын атап өтті.

«2021 жылдың 4 қазанында әлеуметтік желілердегі видеодағы клиент Шымкент қаласының арнайы орталығына келіп, нөмір сатып алды. Сатып алған нөмір бірден күйеу жігітке тіркелді», — деді Шымкенттегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының PR-менеджері Алтынай Татаева.

Қазақстанда сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірлерді ресми түрде сату 2014 жылы басталды.