Шымкентте коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент полициясы коронавирус туралы жалған хабар таратқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жалған

«Әл -Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын анықтады, ол төтенше жағдайлар департаменті Өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу кезінде «Шымкент Плаза» сауда орталығында коронавируспен ауыратын науқастың анықталғаны туралы жалған ақпаратпен видео хабарлама жазып, WhatsApp мессенджері арқылы таратқан», — деді қалалық полиция департаментінде.

 

 

Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, деп атап өтті департамент.

Жоспарлы өртке қарсы оқу- жаттығулар «Шымкент Плаза» СОО-да кеше таңертең өткізілген. Жас жігіт бұл оқиғаны әзіл үшін пайдаланбақшы болған: видеоға түсіріп, коронавирустың кесірінен адамдар «толығымен эвакуацияланды» деп мәлімдеген.

Кейіннен жігіттің кешірім сұраған видеосы жарияланды.
 



stan.kz