Шымкент полицейлері отағасынан айырылған отбасыға азық-түлік апарды

Шымкент қаласының полицейлері асыраушысынан айырылған отбасыға көмек қолын созып, азық-түлік әкеп берді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Шымкент қаласының полиция департаменті мен Әл-Фараби ауданының полиция басқармасының қызметкерлері күйеуі індеттен көз жұмып, екі баласымен асыраушысыз қалған Тамара Зулкетенованың отбасына барып, азық-түлік жеткізіп берді.
Айта кетерлік жайт, Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы мұндай қайырымдылық шараларын өткізуді дәстүрге айналдырған.