Сайлау—2021: ТМД ассамблеясының 48 өкілі байқаушы ретінде қатысады

0

ТМД өкілдері орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, атқарылған жұмыстың нәтижелерімен танысты.

Халықаралық байқаушылар дауыс беру учаскелерін де аралады. Олар ең алдымен санитарлық нормалардың сақталуын бақылады. Бүгін халықаралық байқаушылар дауыс беру процесінің бұзылмауы мен санақ жүргізу жайын қарайды.

«Парламенттік сайлау жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Біз Орталық сайлау комиссия өкілдерімен кездестік. Қызықтырған сұрақтарымызға жауап алдық. Көптеген дауыс беру учаскесіне барып қайттық.

Дайындық барысын өз көзімізбен көрдік. Биылғы пандемияға байланысты қабылданған санитарлық шаралардың куәсі болдық», — деді ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар тобының үйлестірушісі Алексей Майоров.