Астанадағы №145 сайлау учаскесінің төбесі опырылып құлған. Ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарады.
«№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Проблема жойылуда. Зардап шеккендер жоқ», – деді білім басқармасындағылар.
Қазіргі таңда сайлау учаскесі штатты режимде жұмыс істеп тұр.